Маңғыстау шаруаларына шөп жинаған Құрмет Талапқазы үйлі болды
Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға шөп жинап, тегін таратқан Құрмет Талапқазы баспаналы болды. Бұрын пәтер жалдап жүрген белсенді азамат Жаңа жылды енді өз шаңырағында қарсы алады. Құрметтің үйіне деп жартысын қарапайым халық, қалған бөлігін кәсіпкер қосқан. Барлығы 18 миллион теңге небәрі екі-ақ күнде жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жиналған қаржыға Құрмет Талапқазы Шымкенттің шетінен үш бөлмелі үй алған. Енді отбасын құрып, үй ішін жанға толтырмақ. Өзінің игі ісімен көзге түскен белсендіге жуықта ғана жоғары оқу орнының гранты бұйырған болатын. Сондықтан ол білімі мен қайырымдылық шарасын қатар жалғастырмақ. Айта кетсек, Құрмет Талапқазы қуаңшылықтан мал қырылып жатқанда Маңғыстауға 6 вагон шөп жинап, жолдаған болатын.
"8 сотық жерімен 3 бөлмелі үй алдым. Құдай қаласа атамыз бар, апамыз бар, ол кісілер жалдамалы үйде жүр сол кісілерді қасыма әкелу ойымда бар, алдағы уақытта үйлену ойымда бар, халқыма рақмет, ағаларыма рақмет", - деді Құрмет Талапқазы.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты