Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі жалақысының қанша екенін айтпай қойды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жалақысының мөлшерін айтпай қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналистің қойған сұрағына өңір басшысы жалақысының басқа өңір әкімдерінің жалақысынан ерекшеленбейтінін айтты.

"Осы мәселе көпшілікті қызықтырады. Осы алаңда сөз сөйлеген әріптестерімнің барлығы дерлік жалақыларын айтты. Менің де табысым солардікі шамалас. Белгілі бір тарифтік кесте бар, мен де соған сәйкес жалақы аламын", - деді Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Cондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі бұған дейін облыстағы қуаңшылық жайын айтып, келесі жылы да оның қайталануы мүмкін екенін мәлімдеген.

Бұған дейін жалақысының көлемін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, ол айына шамамен 1,8 миллион теңге алады.

Сонымен қатар Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айына 2 миллион теңгеге жуық жалақы алатыны белгілі болған. 

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айына 1,9 миллион теңге алады.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айына 783 мың 503 теңге алады. Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов 780 мың теңге жалақы алады.

Талқылау