Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында қызды алып қашқан азаматтар үш жылға сотталды

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалған

Маңғыстау облысында қыз алып қашқан екі азамат үш жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұнайлы ауданының соты 2026 жылдың 2 ақпанында А. және О. атты азаматтарды қылмыстық кодекстің 125‑1-бабының 2-ші бөлімі, 1 және 4-тармақтары (қызды немесе адамды оның келісімінсіз ұрлау, тұрмысқа қосуға мәжбүрлеу әрекеті) бойынша кінәлі деп таныды. Әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Қазақстанда 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап жаңа бап – "Тұрмысқа мәжбүрлеу" енгізілген. Осы бапқа сәйкес, қызды оның келісімінсіз ұрлау (яғни, қалыңдықты "ұрлау") және мәжбүрлеп не сендіру арқылы тұрмысқа қосу қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Осындай қылмыс үшін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



"Адамды мәжбүрлеп тұрмысқа қосу қылмыстық әрекет болып саналады және заңмен қатаң тыйым салынған. Бұл баптың енгізілуі әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болды", – деді Бас прокуратура.

STAN.KZ
Сенбі, 14 Наурыз, 2026 15:58