Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты.

Lada.kz ақпараты бойынша, соңғы уақытта аймақта COVID-19 ауруының көп саны тіркелді. Осыған байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы әзірлеп жатыр.

Атырау облысының қызыл аймаққа кіру себебі бойынша коронавирус көрсеткіші бойынша енді Маңғыстау мен Атырау облыстары арасында санитарлық бекет орнатылады. Бейнеу ауданының Боранқұл елді мекенінде өңірге өткізу жүйесі қатаңдатылады.

"Маңғыстау мен Атырау арасында еркін байланыс тоқтатылады. Бұл бағыттағы қозғалысқа азық-түлік, дәрі-дәрмек сияқты маңызды тауарларды тасымалдайтын азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Атырау облысының аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін өңір тұрғындары екі облыстың аумағын еркін кесіп өте алады. Вахташылардан ПТР-тест нәтижесі сұралмайды. Алайда Атырау аумағына кіруге рұқсат берілген азаматтар Маңғыстауға қайта кірген кезде санитарлық бекетте сауалнаманы толтыруға міндетті. Олар әрі қарай медициналық бақылауда болады", - деді Ғазиз Надуев.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес, ашық, жабық базарлардың қызметі 18:00-ге дейін қысқарады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, гипермаркеттердің, супермаркеттердің жұмысына 22:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Кинотеатрлар тек 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Корпоративтік іс-шараларға, үйлену тойларына, балалар ертеңгіліктеріне және басқа да бұқаралық іс-шараларға және отбасылық кездесулерге қатаң тыйым салынады.

Карантиндік талаптардың сақталуын мониторинг топтары үнемі қадағалап отырады.

Бұған дейін туризм саласындағы қонақ үйлер, хостелдер сияқты нысандар 70 пайыздық сыйымдылықпен жұмыс істеген, енді бұл мекемелер 50 пайыздық сыйымдылықпен қызмет көрсетуге міндетті.

Өндірістік үй-жайлардан басқа кеңсе қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылуы керек.

Жаңа қаулы әзірлеу сатысында.

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Желтоқсан, 2020 18:26
Талқылау