Маңғыстау облысында ер адам полицияның көз алдында өзін өртеп жібермек болды

Фото: Видеодан скрин
Маңғыстау облысында ер адам полиция қызметкерлерінің көзінше өзіне өрт қоймақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның өзіне өрт қойған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Патрульдік полиция қызметкерлері тас жол бойында қозғалыс ережесін бұзған жүргізушінің көлігін тоқтатқан. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Біраз уақыттан кейін ол өзі полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетіне келіп, қызметкерлердің әрекетіне наразылық білдірген. Бақылау-өткізу пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өртемек болды.
Павлодарда 38 жастағы ер адам өзін өртеп жібермек болды
Полиция қызметкерлері оның әрекетінің алдын алып, ер адамды медициналық мекемеге жеткізді.
“Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр”, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан