Маңғыстау облысында қоқиқаздар қырылуда: Cарапшылар пікір білдірді
Күні кеше Маңғыстау облысы даласынан табылған қоқиқаздардың өлекселері ыдырап кеткендіктен құстардың неліктен қырылғанын анықтау мүмкін болмайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Қуат Чумакаев айтты, деп хабарлайды Lada басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
видеодан скриншот
Қуат Чумакаевтың болжамы бойынша қоқиқаздар ауа райының қолайсыздығынан өліп қалған.
"Сарапшылар қоқиқаздар өлі табылған жерге барды, ол жерден бес құстың өлексесі табылды. Сырттай тексеру кезінде құстардан оқтың ізі байқалмады. Әлеуметтік желіде тараған видео 14 сәуірде түсірілген. Сараптама жүргізу мүмкін емес. Ветеринария саласының мамандары пайымынша, "қоқиқаздардың қырылуы ауа райының қолайсыздығына байланысты болуы мүмкін. Яғни құстар әлсіреген, жақын жерде су қоймалары жоқ, сондықтан өліп қалған. Қазір бұл іспен полиция айналысуда", – деп түсіндірді Қуат Чумакаев.
Еске салайық, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында бірнеше қоқиқаздың өлігі табылды. Өлі құстарды бала тауып, видеоға түсіріп алған.
Айта кетейік, қызғылт қоқиқаз Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
