"Манчестер Юнайтед" Таиландтағы жолдастық матчта "Ливерпульді" ойсырата жеңді
"Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпульм" арасындағы жолдастық кездесу Бангкоктағы (Таиланд) "Раджамангала" стадионында өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
90 минуттық ойын нәтижесінде манчестерліктер қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің 12-минутында "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Джейдон Санчо есепті ашты. 30-шы минутта жартылай қорғаушы Фред екінші голды соғып, Эрик тен Хаг жаттықтыратын команданың басымдығын одан әрі ұлғайтты. Артынша үш минуттан кейін "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Антони Марсьял есепті еселей түсті. 76-минутта Факундо Пельистри кездесудің қорытынды есебін жасады.
Естеріңізге салсақ, өткен маусымның қорытындысы бойынша "Ливерпуль" Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде екінші орынға ие болған еді. "Манчестер Юнайтед" 2021/2022 маусымын алтыншы орында аяқтады. "Манчестер Сити"Англия чемпионы атанған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”