"Манчестер Юнайтед" Криштиану Роналдумен жасасқан келісімшартын бұзды
“Манчестер Юнайтед” футбол клубы Криштиану Роналдумен жасасқан келісімшартын бұзды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі команданың ресми сайтына сүйеніп.
Клуб Роналдуға командағы қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
“Манчестер Юнайтедте” бәрі бұрынғыдай Эрик тен Хаг бастаған команданы дамытуға, оған атсалысуға дайын”, – делінген клубтың хабарында.
Бұрын Криштиану Роналду “Манчестер Юнайтедтің” басшылығын сынап сұхбат берген еді. Содан кейін клуб жетекшілігі ойыншыны жазаға тарту үшін адвокаттар жалдады. Команда Роналду сұхбат бере отырып өзі қол қойған келісімшартты бұзды дейді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"