"Мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орындарына оралады": Ақтөбе әкімі ғимараттағы өртке қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров желідегі парақшасында әкімдік ғимаратында болған өртке қатысты пікір білдіріп, жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, өрт толық сөндірілген, зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңір басшысы арнайы комиссия өрттің шығу себептерін анықтап жатқанын атап өтті.
"Қазіргі арнайы комиссия өрттің себептерін анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда, жедел штаб жұмысы жалғасып жатыр. Қазір нақты іс-қимыл жоспары бекітіліп, барлық жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Біріншіден, ғимараттың техникалық жағдайын толық бағалау үшін сарапшылар тартылды. Айтып өтейін ғимараттың шатыры ғана жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес. Біз соңғы рет әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргіздік, оның ішінде тек жұмыс кабинеттері жаңаланды", – деді Асхат Шахаров.
Асхат Шахаровтың айтуынша, түстен кейін, мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орындарына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетіледі.
"Үшіншіден, өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. Іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төртіншіден, қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатыр. Әр кезеңнің орындалуы менің жеке бақылауымда болады, ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады", – деп пікір білдірді Асхат Шахаров.
Ақтөбедегі алапат өрттен туды алып шыққан құтқарушылар ерлігімен көзге түсті (видео)
ОқыңызЕске салайық, Ақтөбеде 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген еді. Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталған. Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған