Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар:14 көлікті соққан трамвай апатқа дейін жүруге жарамсыз болған

Алматыда 14 көлікті сүйреп өткен трамвай апатқа дейін де жүруге жарамсыз болғаны анықталды. Яғни, жүргізуші де, жауапты мекеме де жолаушылардың қауіпсіздігіне көз жұма қараған. Сот сараптамасы көлік құралының тежегіші істен шыққан деген қорытынды шығарды.

f7eb03ea-d09a-49cb-930f-edd72282cf4d

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мамандар “Көліктегі ақау жол көлік оқиғасына дейін тіркелген” дейді. Ал, сот алдында жауап беріп жатқан  «Алматыэлектркөлік» трамвай депосының механигі  мен трамвай жүргізушісі  және көмекшісі бұл айыптаулармен келіспейді.

Алайда олар өздерінің аталған істе еш кінәлары жоқ екенін және тежегіштің сол кезде істен шыққанын тілге тиек етті. Сөздерінше, трамвай Наурызбай көшесінде қозғалтқышынан түтін шыққаннан кейін қауіпсіздік мақсатында әдейі тоқтатылған. Тежегіште тұрған темір тұлпарды тәртіп сақшылары жолдан алып тастауды өтінген.

Полиция сөзін ескерген жүргізушілер трамвайды қайта қозғалысқа келтіріп, тоқтата алмай қалған. Соның кесірінен трамвай 14 көлікті сүйреп, тас талқан еткен. Қазір жүргізушілерге жол көлік ережесін бұзды және адам денсаулығына зиян келтірді деген айып тағылуда. Еске сала кетейік, оқиға былтырғы жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. Ал қарашаның 13 күні Сейфуллин және Мақатев көшелерінде тағы бір трамвай  тежегіші істемей бірнеше көлікті қағып өткен болатын.

 

Талқылау