Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар қымыз бен саумалды дәрі ретінде қабылдамауға кеңес берді

Қазақстандықтар қымыз бен саумалды жаппай сатып алуда. Бұл өнімдердің бағасы екі есе өсті. Ұлттық сусындар коронавирусты емдеу және алдын алу кезінде көмектесе алады деген ақпараттардан кейін қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

қымыз

Телеарна тілшілері "нағыз" қымыз сататын елордадағы бірнеше сауда орындарын аралап, сараптауға бірнеше үлгі сатып алып, оны зерттеуге жіберді. Нәтижелер көңіл көншітпеді. Сарапшылардың сөзінше,  қышқылдық көрсеткіші сусынның балғын немесе балғын еместігін көрсетеді, ал дүкеннен сатып алынған қымыздың тығыздығы нормадан төмен болған. Бұл сүтке су қосылғанының дәлелі.

Бұл ретте кәсіби диетологтар мен дәрігерлер қымыз бен саумалды барлық ауруларға, соның ішінде коронавирусты емдеуге арналған дәрі ретінде қабылдамауға кеңес береді. 

Ұлттық сусындарды иммунитетті арттыру үшін ғана пайдалану керек. Оның үстіне, өнімнің сапасы күмән тудырмаған кезде ғана ішуге болады.

"Құрамы бойынша оның қалай жеткізілетіні және сақталуы үлкен мәнге ие. Оны сұйылтуы да мүмкін. Бұл біршама алаңдайтын жайт. Бір сүт басқа сүт өнімімен араластырылуы мүмкін. Біреулердің лактозаға төзбеушілігі және т.б" - дейді мамандар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр