Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің көбейгенін айтып дабыл қағуда

Израильдік дәрігерлер мамандарды алаңдатқан статистикалық мәліметтерді жариялады. Олардың айтуларынша онкология әсіресе әйелдерде сүт безі қатерлі ісігі сияқты кең таралған аурулар жастар арасында көбеюде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша соңғы 10-15 жылда онкологиямен ауыратындар әлдеқайда жасарып келеді. Мәселен әйелдердегі сүт безі қатерлі ісігі бұрынғыдан әлдеқайда жиірек кездеседі. Ал бұл аурумен ауыратын науқастардың орташа жасы қорқынышты мәселеге айналуда.

“Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан жас әйелдерді жиі кездестіреміз. Егер бұрын бұл аурумен тек 50-ден асқандар жүгінетін болса, қазір науқастардың қатарында жастар саны өскен. Сүт безі обыры диагнозымен келетін 40-тан асқан, тіпті 30 жастағы әйелдер бар. Мәселе, шын мәнінде өте қорқынышты”, – деді медициналық орталықтың директоры Юрий Ранков.

Израильде жыл сайын бұл аурудың 4000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады. Бұл кішкентай ел үшін көп көрсеткіш. Сондықтан дерттің алдын алуда мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

“Ерте диагностика мен сапалы емнің арқасында сүт безі обырын 95 пайызын емдеуге болады. Әйелдердің өмір сүру кезеңі мен рецидивсіз курс кезеңі де артады. Әйелдер ерте кезеңдерде денсаулығына күдіктенсе қалай диагностикалау керектігін білуі керек. Олар тексерілуге барудан және оны жүйелі түрде өтуден ұялмауы керек”, – деп қосты маман.

Талқылау