Маман жедел жәрдем шақырудың негізгі сегіз себебін атады
Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің А.С.Пучков атындағы 48-ші жедел және шұғыл медициналық көмек қосалқы станциясының меңгерушісі, дәрігер анестезиолог-реаниматолог Ян Курин жедел жәрдемге қоңырау шалудың сегіз негізгі себебін атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, шұғыл жедел жәрдемді сегіз жағдайда шақырған жөн.
"Жүрек айнуы мен құсып, іштің ауыруы, төс сүйегінің арты қысып ауырсыну, есін жоғалту, кенеттен жедел ентігу. Сондай-ақ жүрек қағысы бұзылып, әлсіздік пен тершеңдік байқалса, жедел жәрдем шақыру керек. Дененің кез келген бөлігінің сезімталдығы бұзылса да, мұны бей-жай қалдыруға болмайды. Егер науқаста жарақат аясында немесе онсыз қан кету байқалса, дереу әрекет ету қажет", – деп бөлісті Курин.
Егер пациент жедел жәрдемге бару керек пе деген сұраққа күмәнданса, "103"-ке қоңырау шалғаны абзал, онда оған консультативтік көмек көрсетіледі.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”