Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ұйықтауға ең ыңғайлы қалыпты атады

маман кеңес бердіФото: freepik.com

Диетолог Реме Наварро сол жақ бүйірмен ұйықтауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 20minutos басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, сол жақ бүйірмен жатқан кезде ас қорыту жүйесі тиімді жұмыс істейді. Оның үстіне тамақ асқазаннан ішекке қарай жеңіл өтеді. Сонымен қатар, бұл қалып бауырдың жұмысын жақсартады.

“Сол жақ бүйірмен жатқанда жүрекке қан айдау оңайырақ болады. Себебі төменгі аяқтардан жүрекке қан таситын негізгі вена дененің оң жағында орналасқан. Сол жаққа жатып ұйықтау оған түсетін қысымды азайтады, яғни қан айналымын жеңілдетеді”, – деді дәрігер.


Вирустар белсенді таралатын кезең: Мамандар күзде иммунитетті қалай нығайтып, аурудан қорғану керегін айтты


Маман мінсіз жұп болу үшін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы қанша болу керегін айтты


Сондай-ақ бұл қалып асқазандағы қыжылды азайтуға көмектеседі. Ал жүкті әйелдер үшін сол жақ бүйірмен ұйықтау ерекше пайдалы. Ол плацентадағы қан айналымды жақсартып, бауыр мен бүйрекке түсетін қысымды азайтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ғалымдар кешкі ас ішуге ыңғайлы уақытты атағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жексенбі, 19 Қазан, 2025 19:32
Талқылау