Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман күйзеліс және ұйқысыздықпен күресудің жолдарын атады

Психотерапевт Хлоя Милавица ұйқысыздық және күйзеліспен күресу үшін гаджет пайдалану уақытын қысқартуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: twitter.com

"Стресс пен депрессия нағыз физиологиялық процесс. Ол адам бойында белең алып, әбден сіңіп алған кезде үлкен проблемаға айналады. Тұрақты күйзелістің салдарынан әлсіздік, шаршау пайда болады. Алаңдаушылық күшейіп, ұйқысыздық, тәбеттің өзгеруі және бас ауруына әкеп соқтырады. Соңы темір тапшылығы, анемия, В12 және D дәрумендерінің жетіспеушілігі, қалқанша безі мен бауырдың бұзылуы сынды ауруларға әкеледі", - деді психотерапевт Хлоя Милавица.

Маман алайда мұндай жағдайлармен күресуге болатынын жеткізді. Ең алдымен, ұйқы уақытын реттеу керек дейді ол. 

"Күндізгі физикалық белсенділік дененің тонусын сақтауға көмектеседі. Егер күні бойы бір орында отырып жұмыс істесеңіз кем дегенде сағатына бір рет тұрып, ары бері жүріп, қарапайым жаттығулар жасау керек.

Стресс және ұйқысыздықпен күресу кезінде кофеинді сусындардан бас тартуға тура келеді. Ұйықтар алдында бір-екі сағат бұрын сізге "цифрлық детоксикацияны" ұйымдастыру қажет, яғни гаджет пен телефонды сөндіріңіз. Осылайша сіз ұйқы гормоны мелатониннің өндірісін жақсарта аласыз", - деді психотерапевт.

Бұл ретте психотерапевт жағымсыз эмоцияларды ұмытпай сыртқа шығарып тұру керегін айтты. Себебі сыртқа шықпаған эмоциялар жиналып, уақыт өте келе үрейге, депрессиялық белгілерге және психосоматикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін.

Талқылау