AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман: Адам сәуір, қазан айларында суицидке бейім болады

Әлем ғалымдарының ғылыми жұмыстары көрсеткендей, жүрек-қан тамырлары ауруынан кейін күйзеліс екінші орында. Түрлі ғылым саласында зерттеліп жүрген бұл ұғым нумерология саласында да бей-жай қалмады. Мамандар күндер мен сандардың көңіл-күйге әсері бар екенін айтып жатыр.

35675674-e1486658128811

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

«Энергияны барлық сан береді десек те болады. Әрбір санның оң және теріс мағынасы болады. Нумерологияда 13 секілді «теріс сандар» деген ұғым жоқ. Мысалы, 6 саны махаббат пен тұрақтылықтың белгісі. Кері мағынасында жамандықты білдіреді. Адамдар күйзеліске көбінесе түнгі уақытта ұшырайды. Себебі, күндізгі уақыт адамға қуаныш сыйлайды», – дейді нумеролог Анар Аман.

Психолог мамандар адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы көптеген мәлімет айтуға болатынын сөз етті. Мысалы, қара түс адамды шаршатады, қызыл түс шешімін таппай жүрген мәселелерді көмектессе, жасыл түс адамның өзін-өзіне көмектесуіне септігін тигізеді. Қоңыр түс жабырқау сезімін ушықтырады, ал сары оптимистердің түсі. Ол шабытты арттырып, жаңа ойлардың туындауына әсер етеді. Сұр түс күйзеліс пен енжарлыққа душар етуі мүмкін. Бір қызығы, көңіл-күйдің нашарлап, адамның күйзеліске түсуі қыс мезгілінде көп анықталады екен. Жазда адам күннен қуат алады. Ал қыс мезгілінде күннің сәулесі жетіспейді. Био ырғақтар жарысып, теріс әсер туындайды.

«Депрессия дегеніміз – ауру. Аурудың басым бөлігі көктемгі және күзгі құбылыстармен белсенді дамиды. Сол себепті адам көктем мен күзде суицидке бейім келеді. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, депрессияның соңғы формасы суицид ретінде қарастырылады. Десе де, мұндай қайғылы оқиғақыста да, жазда да болып жатады. Негізінен сәуір және қазан айларында. Депрессияға шалдыққан адам маманға келіп емделуі тиіс. Ганс Сельенің теориясына тоқталатын болсақ, күйзеліс дегеніміз – адамның сыртқы факторларға орай туындаған реакциясы. Ол кез келген ситуацияда болуы мүмкін. Мұнымен қатар, оның ауыр түрі де болады: адам қайтыс болғанда, ажырасу үрдісінде және жүктіліктен кейінгі екі жылда. Алайда бұлар емделмейді деген сөз емес», – дейді психолог маман Ақгүл Молдабекова.

Ал джиу-джитсу жаттықтырушысы Саят Ержанов психолог маманның бұл сөздерімен толық келіспейді. Ол күйзеліске түскен және салауатты өмір салтын ұстанып жүрген адамдарға спортпен шұғылдануға кеңес берді.

«Депрессия күйзелістен кейін болатын жағдай. Мұны уақытша нәрсе деп ойлаймын. Бірақ көңіл-күйіміздің болмауын депрессия деп атауға бола ма? Адам өз көңілін өзі көтеруі тиіс. Көп ойланып, жағдайы болмай кетеді. Одан шығудың жолдары өте көп. Мен өзім жаттықтырушы ретінде спортпен айналысып, билеуге кеңес беремін. Жалпы үйде отырмай, қимылдауы керек. Үміт бар жерде күйзелістен шығасың», – дейді маман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр