Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов жаман әйелдің қайдан шығатынын түсіндіруге тырысты. Мұнымен қатар, ол әйелімен бірге сұлулық салонына барып, серіктес болып босануды құптамайтынын жеткізді.

Жандарбек Булгаков

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Қазақта «Қыз күнінде бәрі жақсы. Жаман әйел қайдан шығады» деген аталы сөз бар. Расымен де, ер адамдарға қарағанда, әйел затының мінезі тез өзгеріп, отбасылық өмірде өзіне қарамай кетеді. Мұнымен қатар, жиі жанжал шығаруға құмартып тұрады. Әрине, топырақты көпке шашудан аулақпыз. Психолог мамандар мұның себептерін пайыздық көрсеткішпен есептеп шыққан екен. Олар келесідегідей: жолдасының әсері 25℅, тұрмыс әсері 25℅, туған-туысқандардың әсері 20℅, денсаулығына байланысты 15℅, өзге де сыртқы факторлар әсерінен 15℅.

Осы орайда, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов бұл көрсеткішке қатысты өзіндік пікірін білдірді.

«Бұл статистиканы қалай анықтағандарыңызды білмедім. Мәселе, менің сенбегенімде емес. Бұл факторлардың отбасының тыныштығына әсер ететіні сөзсіз. Бір ғана себеппен отбасы күйремейді. Бірақ әрқайсысының отбасына барып, оның анық-қанығын біліп отыру қиын деп ойлаймын. Дұрыс отбасы болса, әйел жақсы жағына өзгереді деп ойлаймын. Балалық шақтан отбасылық өмірге өткен соң ақыл тоқтатып, отбасылық өмірге үйренгеннен кейін міндетті түрде адамның мінез-құлқында, болмысында өзгеріс пайда болады. Адамның баяғы қалпында қалуы ақылға сыймайтын дүние сияқты», – дейді ол.

Мұнымен қатар, айтыскер ақын әйелдің шаруасына араласпайтынын айтып өтті. Салонға бірге барып, серіктес болып босануға да қарсы екен.

«Тұңғыш қызым дүниеге келген кезде айтыста жүрдім. УЗИ-ға бармаған сияқтымын. Салонға еріп бармаймын. Босанған кезінде серіктес болмадым. Киім сатып алуға бірге барып тұрамыз. Ал азық-түлікке міндетті түрде бірге барамын. Салонға жеткізіп салып, артынша қайтарда алып кетемін. Еркектер серіктес босануды көтере алмайды. Басымыздан өтпеген соң, ол жаққа барғанның өзінде қандай ақыл айтамыз?!» – дейді Жандарбек Бұлғақов.

Психолог Ержан Қуандықұлы айтыскердің пікірімен толықтай келісетінін жеткізді. Десе де, серіктес болып босанудың ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына оң әсерін тигізетінін айтып өтті.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа “Ұмытылмас күн” әнін шырқап берді (видео)

Димаштың ізбасары: Мен қазақтың атын шығарғым келеді (видео)

Димаш әйгілі шетелдік фильмнің саундтрегін орындады (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Талқылау