Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)
Малайзияда 21 жастағы студенттің банктегі шотына қателікпен $4.6 миллион аударылады. Бойжеткен ақшаның қайдан келгенін тексерместен, оны бірден құртуға кіріседі. Артынша сот отырысында өз кінәсін мойындамай қояды. Оның бұл әрекетін қорғаушысы Хьюго Астон толықтай қолдап отыр.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Кристиннің отбасы қыздарына қолдау көрсету үшін Аустралияға Малайзиядан арнайы ұшып келген екен. Қорғаушы аталған басылымның журналистеріне өздерінің позицияларын соңына дейін қорғайтындарын айтқан. Яғни ешбір кінәні мойындамай қоймақ. “Оның отбасы қыздарын толықтай қолдап отыр. Олар студент қыздарына әрдайым ақша жіберіп отырған. Бізді мүддесі бір команда ретінде біле берсеңіздер болады”, – дейді ол.
Алайда белгісіз себептермен оның отбасы сейсенбі күні болған сот отырысына қатыса алмай қалады.
Ал банк ісін зерттеуші Мэтт Трегонинг сот барысында әділдік орнайды деген үмітпен жүргенін айтқан.
Ли ханым сот отырысына жыртық джинсы шалбар мен қара майка киіп келген. Білегінде жаңадан салынған татуировкасы көрініп тұр. Оны Малайзияға ұшып бара жатқан жерінен Сидней әуежайының полициясы ұстап алған екен.
2014 жылдан бастап бойжеткен 11 ай бойы банктің ақшасын құртып келген. Бұл сома осы уақытқа дейін $4.6 миллионға жеткен. Ол, тіпті, бір күннің ішінде Сиднейдегі Кристиан Диор дүкеніне кіріп, 220,000$ ақша құртқан.
Өткен жылдың сәуір айында банк менеджері өздерінің тарапынан жіберілген қателікті түсінген. Ал Ли ханым өз кезегінде бұл ақшаны оған ата-анасы салып жіберді деп ойлап жүргенін айтқан. Әзірге сот отырысының немен аяқталғаны белгісіз.
Жіберіп алмаңыздар:
Мауглидің шынайы өмірі: пілді аға, қабыланды дос тұтқан бүлдіршіннің таңғажайып оқиғасы (фото)
Әйелін өртке қимаған зейнеткер онымен бірге өртенді
“Орда” тобының әншісі Есболат Беделхан сүйіктісін көрсетті (фото)