Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз ата-аналарын ұятқа қалдырған жұлдызды балалар (фото)

Атақты адамдар өздері үшін жарқын болашақ жасау жағынан көптеген мүмкіндіктерге ие. Бірақ олардың барлығы бірдей осы мақсатқа ұмтыла бермейтіні де рас.

xw_1041916

Ата-анасының байлығы мен атақ-даңқы көп ретте баласына кері әсерін беріп те жатады. Яғни, байлыққа мастанған бала ата-анасын ұялтатын әрекеттерге жиі барады. Келесі ретте жұлдызға айналған ата-анасын жерге қаратқан балалар туралы айтамыз.

Джейси Чан. Әйгілі актер Джеки Чанның ұлы.

nz1.ru_14812025442

Қытай құқық қорғау органдары 2014 жылы есірткіге қарсы бақылау жүргізіп, Джеки Чанның ұлын ұстады. Ол есірткі қабылдаған. Оның пәтерінен дәл осы әрекетпен айналысқан тағы бір адам қолға түскен. Бұдан соң Джейсиге есірткі қабылдайтындарға ыңғайлы баспана ұсынғаны үшін тағы бір айып тағылған. Сот оны 6 айға бас бостандығынан айырды.

Майкл Дугластың ұлы 2009 жылы есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталып кетті.

nz1.ru_14812025453

“Ол есірткіні 13 жасынан бастап қабылдаған. 20 жасында героин қабылдап, 25 жаста тәуелділікке түскен. Тұтқындалған кезде ол күніне 5-6 мәрте есірткі тұтынады екен”, – деп жазылған медициналық анықтамада. “Мен ұлымның жағдайын естіген кезде таңқалдым. Бірақ, түрме – ол үшін дәл қазіргі сәтте ойланып, бәрін басынан бастау үшін тамаша мүмкіндік деп ойлаймын”, – деген еді актердің өзі. Кэмерон жақында ғана бостандыққа шықты.

Честити-Чез Сальваторе Боно, Шердің ұлы һәм қызы.

nz1.ru_14812025474

Шердің қызы жынысын ауыстыратын операция жасатқан. Оның сөзінше, ол кішкентай кезінен өзін қыз сияқты сезінбеген. Бірақ, ол операцияға тек 40 жастан соң ғана тәуекел етті. Шер өз қызының бұл шешіміне келіспей, екеуі жылға жуық уақыт араласпай қалған. Бірақ, кейін әнші әйел бәрін ұлын қабылдауға мәжбүр болды. Чездің нағыз ер адамға ұқсауы үшін бірнеше жыл қажет болды.

nz1.ru_14812025485

Талулла және Скаут Уилис, Брюс Уиллистың қыздары.

nz1.ru_14812025506

Брюске біресе бір қызы, енді бірде екінші қызы “тосынсый” дайындап әбден шаршатқан. Мәселен, Скаут Уиллис бірде Нью-Йорк көшелерімен кеудесін жалаңаштап тастап серуендеген. Ал екінші қызы есірткі қабылдағаны үшін ұсталған.

nz1.ru_14812025517

Кристиан Брандо. Марлон Брандоның ұлы.

nz1.ru_14812025528

Кристиан Брандо өзінің әпкесінің жігітін өлтіргені үшін сотталған. Екіқабат қыз ағасына келіп, өзін жігітінің ұрып тастағанын айтады. Қолына тапанша алған Кристиан әлгі жігітті атып тастайды. Көп ұзамай қыз да өз-өзін өлімге қиды.

Теодора Ричардс. Rolling Stones гитаристі Кит Ричардстың қызы.

nz1.ru_14812025549

25 жастағы Теодора Манхэттендегі ғимарат қабырғаларының біріне граффити салып жатқан жерінен ұсталған. Сондай-ақ, оның қалтасынан есірткі де табылыпты.

Оқи отырыңыз:

Танымал адамдардан аумайтын балалар (фото)

Қытайда мектеп оқушылары сабаққа бару үшін күн сайын тауға өрмелеп шығады (фото)

Егер пластикалық операция жасатпаса Майкл Джексонның түрі қандай болушы еді? (фото)

Ыстықта іші салқындап тұратын 1400 жыл бұрын салынған мешіттің құпиясы (фото)

Талқылау