Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Донбаста құлаған малайзиялық Boeing ұшағының апатына кім кінәлі – ICAO ресми шешімін жариялады

Фото: EPA

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) Кеңесі 2014 жылдың шілдесінде Донбасс аспанында апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағының опат болуына Ресей Федерациясын ресми түрде жауапты деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, MH17 рейсі Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған. Апат салдарынан 298 адам қаза тапты. ICAO бұл оқиғаны азаматтық авиация тарихындағы ең күрделі әрі ауыр апаттардың бірі деп атады. Халықаралық тергеу нәтижелері бойынша ұшақ ресейлік өндірістегі зениттік зымыранмен атып түсірілген. Бұл кезде ресейшіл сепаратистер мен украиналық қарулы күштер Донбасс аймағында қақтығысып жатқан еді.

Ұйымның дерегінше, Ресей Чикаго конвенциясын бұзған. Бұл құжатқа сәйкес мемлекеттер азаматтық әуе кемелеріне қарсы қару қолданбауға тиіс.

2022 жылы Нидерланды мен Аустралия үкіметтері бұл істі БҰҰ-ға тапсырған. Қаза тапқандардың ішінде 196 адам Нидерланд азаматы, 38 адам Аустралия азаматы болған. Сонымен қатар Ұлыбритания, Бельгия және Малайзия азаматтары да мерт болған.

Аустралия сыртқы істер министрі Пенни Вонг Ресейді осы сұмдық әрекет үшін жауапкершілікті мойындауға және болған әділетсіздік үшін өтемақы төлеуге шақырды.

Нидерланд сыртқы істер министрі Каспар Велдкамп алдағы апталарда Нидерланд пен Аустралия ИКАО Кеңесіне Ресеймен келіссөздер жүргізуді міндеттеуді сұрайды және бұл үдерісті ИКАО қолдауға тиіс деп мәлімдеді.

Ал Ресей тарапы өз кезегінде бұл тергеу нәтижелерін біржақты және саяси астары бар деп есептейтінін білдірді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей бұл қорытындыларды мойындамайтынын айтты.


Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеудегі парадқа барудан бас тартты


Боливияда ұшақ апаты болып, жолаушылар аллигатор мен анакондалардың арасында қалып қойған


Еске салайық, бұған дейін ресейлік компания Ақтау маңында құлаған Embraer AZAL апаты үшін өтемақы төледі. Өтемақы мөлшері жарияланбады, бірақ сарапшылардың бағалауы бойынша шамамен 25-30 миллион доллар (14 993 400 000 теңге) болады. Кабачниктің айтуынша, жолаушыларға сақтандыру төлемдері қаңтар айында басталған. Бұл төлемдер 1999 жылғы Монреаль конвенциясымен және Ресейдің міндетті сақтандыру туралы (ОСГОП) заңымен реттеледі. Бұған сәйкес өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда әр жолаушыға шамамен 22 мың долларға (10 995 160 теңге) дейін өтемақы қарастырылған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 09:42
Талқылау