Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мал бағып жүргендегі күйіне қайта түскен": Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын көрсетті

Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің жағдайын білдіФото: Видеодан скриншот

Журналист Руслан Өтепбай туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, араға 4 ай салып түркістандық апалы-сіңлінің жағдайын білуге арнайы Таразға барғанын жазды.

“Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр”, – деп жазған ол.

Ол кездесу барысында Қытайдан арнайы әкелген сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ Құндызға сыйланған микрофон оған ерекше ұнады. Кадрлардан Құндыз қонақтарға микрофонмен “Таңғы елес” әнін орындап бергенін байқауға болады.

Дегенмен әлеуметтік желіде бұл кездесуге қатысты екіұдай пікір қалыптасты. Көпшілік қыздардың қазіргі жағдайына алаңдап, түрлі пікір қалдырған.

“Мал бағып жүргендегідей күйге қайта түсіп қалған”, “Халық болып талап етейік, Руслан мырзаның қамқорлығына берілсін, халықта күдік басым, баяғы қалыптарына түскен”, “Қыздар тұйықталып, сүмірейіп қалыпты. Өткен жолы жақсы сөйлеп отыр еді ғой”, “Азып, тозып, басылып калыпты”, “Қайтадан баяғы күйіне жақындап қалыпты”, – деп жазған олар.

Еске салайық, Түркістан облысына қарасты Шілік ауылында 27 жастағы Құндыз бен 33 жастағы Назгүл есімді қыздарды аға-жеңгесі құлдықта ұстап, жылдар бойы қорлап келген. 17 жыл құлдықта өмір сүрген қыздар бір жылдан кейін жаңа қамқоршыларына табысталды. 

Қазір қыздардың қамқоршысы Зүлфия Төленова. Ол – 17 балаға қамқоршылық жасап отырған ана. Екі қызды да өз қамқоршылығына алған. Зүлфия Төленова қыздардың тағдырына әрі қарай өзі жауапты екенін алға тартты.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 13 Қаңтар, 2026 18:22