Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақсат Үсенов “Эйр Астана” әуе компаниясының “сұр тізіміне” енді

Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған оқиға әуекомпания қауіпсіздік комитетінің отырысында талқыланды.

7b5fb3a1a519fc7901fb7469fe20d3f8-1

Мақсат Үсенов “Эйр Астана” әуекомпаниясының “сұр тізіміне” енді, деп хабарлайды әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Алматыда ұлттық әуе тасымалдаушысының президенті Питер Фостердің төрағалымен “Эйр Астана” әуекомпаниясының ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысы өтті. Жиналыста 2017 жылғы 4 маусымда орын алған Мақсат Үсеновке байланысты оқиға талқыланды.  Мақсат Үсенов 160  мың теңгеден астам салық қарызы бола тұра “Эйр Астана” ұшағының бортында болған.

Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті таиландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.

Осы оқиғадан кейін Үсеновтің 160 мың теңгеден астам салық борышы бар екені белгілі болды. Ал мұндай қарызы бар адамның шетелге шығуға құқығы жоқ.

“Комитет шешіміне сәйкес, әуе кемесі, экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай жасап, әдеп ережелерін бұзғаны үшін Мақсат Үсенов “сұр тізім” деп аталатын жүгенсіз жолаушыларды бақылау тізіміне енді”, — деп хабарлады баспасөз қызметіне.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық әйел сотта ұлының биологиялық анасын жеңіп кетті

Атырау облысында сегіз жасар қыз жоғалып кетті

Қостанайда еден жуушы әйел өзін мектеп директорының зорлағанын дәлелдей алмай жүр

Талқылау