Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел сотта ұлының биологиялық анасын жеңіп кетті

Алматыда екі жасар баланы асырап алу мәселесі бойынша сот отырысы өз мәресіне жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

4454-620x421

Гүлжан Қилыбаева ұлының биологиялық анасымен екі жыл бойы соттасып, ақырында Алматы қалалық ювеналды соты шешімді Гүлжанның пайдасына шешті. Сот шешімі бес күннен кейін өз күшіне енеді. Сот процесінің заң аясынан шықпауын ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Алматы қалалық прокуратурасы тікелей бақылаған болатын.

“Бұл шешімнің әйтеуір шыққанына біз қуаныштымыз. Бұл тек Қилыбаевтар үшін ғана емес, бұл барлық асырап алатын отбасы институты үшін өте маңызды. Бұл жерде баладан бас тартқан ананы да сотқа шақырудың еш мәні жоқ. Неліктен асырап алатын отбасыны ата-ана құқығынан айыру туралы өтініш түсіруге мәжбүрлейтіні түсініксіз. Жалпы бізде бала асырап алушы отбасы институтын бірқалыпқа түсіру керек. Бұл балалар үшін жасалу қажет”, – дейді “Дом” қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин.

Еске салсақ, Гүлжан Қилыбаеваны қамқоршылықтан шектеу туралы істі қарау 2017 жылдың ақпан айында басталған еді. Ал ақпан айының соңында Аружан Саин ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиге ашық үндеу тастады. Ол өз үндеуінде Гүлжан Қилыбаеваның отбасын баланы асырап алу тәрбиелеу құқығынан айырмауға өтініш жасаған.

2016 жылы Қилыбаева балалар үйінен бала асырап алған. Баласын тастап кеткен биологиялық анасы жарты жыл өткен соң баланы қайтадан өзіне қайтарғысы келеді. Дау осыдан соң туындаған болатын. Тіпті сот үш мәрте баланы одан бас тартқан анаға қайтарып та берген.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында сегіз жасар қыз жоғалып кетті

Қостанайда еден жуушы әйел өзін мектеп директорының зорлағанын дәлелдей алмай жүр

Қаскөйдің қолынан мерт болған судья Алматыда жерленді

Қызылордалық кейуана 20 жылдан бері қызынан таяқ жеп келе жатқанын айтып жылады

Талқылау