Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақсат Үсеновты қайтадан 10 тәулікке қамап тастады

Алматыда мамандандырылған әкімшілік сотында Мақсат Үсеновтың әрекетіне қатысты тыңдау өтті.

2544185

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Ұшақта тәртіпсіздік әрекетке барғаны үшін оны инвестиция және даму министрлігі жауапқа тартып отыр. Сот процесі таңертең басталуы тиіс болған. Алайда Үсенов уақытында келмегендіктен, оны мәжбүрлі түрде сотқа жеткізді. Прокурордың мейлінше қатаң деп 15 тәулік сұрағанына қарамастан, судья оны тағы да 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Ол жақында, тура туған күнінде 10 тәуліктік қамаудан шығарылған болатын.

Ол 16 маусым күні қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін айыпталып, он тәулік мерзімге қамалған еді.

Куәгерлердің айтуынша, Үсенов әуе сапары кезінде балағат сөздер айтып, қауіпсіздік жөніндегі экипаж талабын орындаудан бас тартып, жолаушылардың сапары үшін қолайсыз жағдай тудырған. Ол сот отырысында өз кінәсін толық емес, ішінара ғана мойындады.

Бұған дейін Үсеновтың 160 мың теңге көлемінде салықтық борышы бола тұра “Эйр Астана” ұшағымен Бангкокқа ұшып барғаны және әуе сапары кезінде шу тудырғаны жарияланған еді. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті таиландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.

 

Талқылау