Мақпал Жүнісова: Тамара, менің гүліммен тезірек суретке түсіп ал
Елімізге белгілі әнші Тамара Асар жас кезін еске алып, өзіне гүл берілгенде қандай күйде болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Тамара Асар студент кезінде өзіне берілген гүл үшін ерекше қуанып, көпшілік алдында мақтанатын болған. Десе де сыйға алған гүлдерінің қызығын көре алмай қалатын кездері де болады екен. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазып, желідегі оқырмандарын күлдірді.
«Студент кезде бізге гүл келсе, ой бір аспандағы айды әкелгендей куанатынбыз. Дәлізден асықпай ұзағырақ жүріп, көбірек адам көрсе екен деп ырғалып-жырғалып аудиторияға немесе жатақхананың бөлмесіне жеткенше жолды ұзартып, зорға жететін едік. Одан бөлмесіне қонақ келетін қыздар оны бір кешке қоя тұруға, біреу бір сағатқа қоя тұруға сұрайтын. Анау да алып, мынау да алып жүргенде, қызығын алған адамның өзі көре алмайтын. Гүлдің де солатын уақыты жетіп, ешкімге керек болмай қалады-ау…
Сол қасиет әлі жалғасын табуда. Қолымызға гүл түссе, инстаграм желісіне салмасақ, дұрыс ұйықтай алмай қалуымыз мүмкін. Мына гүл негізі Гүлнұр Оразымбетованың Мақпал Жүнісоваға берген гүлі. Мәкең маған: «Мә, Тамара, менің гүліммен суретке түс тез!» -деп бұйырды. «Жарайды, әкеліңіз», – деп түсе салдым», – деп жазды Тамара Асар.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің жазбасына күліп, қарапайымдылығын айтып жатты.
Оқи отырыңыз:
Елімізге танымал «рэкетир» «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды (фото)
Желіде Баян Есентаеваның отырып алып биге басқан видеосы пайда болды (видео)
Димаш Құдайберген жас әнші Данэлия Төлешова туралы ойын ашық айтты