Мақпал Жүнісова салмағы 43 келі болған кездегі суретін көрсетті
Әнші Мақпал Жүнісова өзінің жас кезіндегі суретін көрсетіп, желі қолданушыларын қатты таң қалдырды.
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың бет терісі мен шашына қызыға қарайды. Әнші сұлулығының құпиясын 20 жылдан бері жасырып, жуырда ғана ашқан болатын. Қытайлық косметологтың көмегіне жүгінеді екен.
Соңғы кезде жұрт әншінің толып кеткенін жиі айтады. Сымбатына ерекше мән беретін әріптестерімен салыстырып та жатады.
Алайда Мақпал Жүнісованың өзі арықтауға асықпайтын сыңайлы. Бұл жолы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің 18 жасындағы суретін көрсетті. Ол уақытта салмағы небәрі 43 кг болған екен.
Суретті көрген тыңдармандары қатты таң қалып, түрлі пікір білдірді. “Эх, қайран қыз күніміз-ай деп қойсаңызшы”, “Қайран жастық. Қазір бұдан да әдемісіз. Аллам сізге ұзақ ғұмыр берсін”, “Мәссаған үзілейін деп тұрсыз ғой”, “Бұл Мақпал менің есімде. Ап-арық болса да, даусы мен аты жер жарып тұратын” сынды жағымды пікірлер білдірген.
Мұнымен қатар, арасында әлі де арықтауға болатындығын айтып, түрлі кеңестер ұсынғандар да болды.
Жіберіп алмаңыз:
Мақпал Жүнісова концертінде сыра ішетінін, өзіне жас жігіттер қарамайтынын айтып қалды
Мақпал Жүнісова бетіне пластикалық ота жасатпақ
Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың “қысқа” көйлегін сынады (фото)
Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ