Мақпал Жүнісова концертінде сыра ішетінін, өзіне жас жігіттер қарамайтынын айтып қалды

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 12:54

Мақпал Жүнісова концерттерінің бірінде өзінің өзге адамдар секілді сыра ішетінін айтқан. Мұнымен қатар, өзіне көп жас жігіттердің қарамайтынын тілге тиек еткен.

1

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Бұл туралы “Жас өркен” басылымы хабарлайды.

Мақпал Жүнісованың концертіне қатысқан отандық басылым журналисі әншінің сахнада көрсеткен ерсі қылықтары туралы жазған.

“Мақпал Жүнісова өсекті өзі тарататын сияқты көрінеді бізге кейде. Жақында əншінің 35 жылдық мерейтойлық концертіне бардық. Кеш өте тамаша өтті. Сонда апайымыз “Мен ғана сөйтетіндей, ютубке салып қойдыңдар. Мен жылына екі-ақ рет сыра ішемін, как все нормальные люди” деп залды ду күлдірді. Осы əңгімені естіген интернеттен аса хабары жоқ əпкем “Сол видеосын көру керек еді” дейді. Өсек деген осыдан шығады емес пе?!”, – деп жазады Жас өркен басылымы.

“Бір уақатты азаматқа “Досым-ау” əнін орындап, гүлін төрге апарып қойды. “Осы концертіме деп 2 миллион берді. Осындай көкелерімізге рахмет. Сіздер басқа деп ойлап қалмаңыздар. Бұл кісі мені алайын деп жатқан жоқ. Ол кісіде жетеді” деді тағы. Артынша “Мұндай азаматтар болмаса, жас жігіттер қарамайды бізге” деп қалды.

“Менімен суретке түсесіздер жақыннан, сосын инстаграмға саласыздар бетімді табақтай қылып, əрі “бөшке, сахнаға шықпа” деп жазасыңдар” дейді. Сахнада топылайын ауыстырып алудан да тайынбады. Мақпалдың өнерін сыйлайтын көрермен əрісі Үрімші, берісі еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатты. Халық алтын сақина, білезік салып, шапан кигізді.

Тек əншінің кеш соңында “Арман-ай, гүлдерді жинашы” дегені ерсілеу көрінді бізге. “Көздеріңе ғашықпынды” тыңдарман өтініп сұрап еді “Қазір ғашықтық туралы əндерді көп орындамайтын болдым. Ғашық жандар ап кетеді” деді” деп өкінішін жеткізді автор.


Жіберіп алмаңыздар:

Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтің бірінші отбасы өзіне күн көрсетпей жүргенін айтты

Мақпал Жүнісова бетіне пластикалық ота жасатпақ

Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың “қысқа” көйлегін сынады (фото)

Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы ауыздан шыккан создин барин сан сакка жугирту кажет пе?Бул айткандары Макпал апкемнин коп калжындарынын бириде..осы казактар ойын созди де тусинуди койып барады.

  • Анонимно says:

    Жанна

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар