Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтің бірінші отбасы өзіне күн көрсетпей жүргенін айтты

Сенбі, 25 Маусым , 2016 22:10

Мақпал Жүнісованың шаңырақ көтергеніне биыл он алты жыл толған. Арада ұзақ уақыт өтсе де, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасы оған күн көрсетпей жүрген көрінеді.

20F9B892-36EC-470E-BB36-8B9A63A21872_mw800_s

Бұл туралы әншінің өзі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтып берді.

Белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болған күні әлі де ел есінде. Ол өзінің үйінде атып өлтірілген болатын. Мақпал Жүнісова қанша қайғылы оқиғамен байланысты болса да, өзі тұрып жатқан үйін сатқысы келмейтінін айтады. Себебі, марқұм Нұрқаділов қызы Мерейді осы үйден ұзатқысы келген екен.

Мұнымен қатар, Жүнісова марқұм жолдасының отбасы осы күнге дейін күн көрсетпей келе жатқанын айтты. Ол бір кездері Нұрқаділовтың бірінші шаңырағын шайқалтпау үшін өз бақытынан бас тартпақ болған. Алайда Нұрқаділов мырза ғашық екенін айтып, отбасына қайта барудан бас тартқан.

“Ол менің соңымнан екі жыл бойы жүгірді. Біз 1991 жылдан бастап бірге тұрдық. 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Ол кісі өзінің отбасына оралар деген оймен көпке дейін некемізді заңдастыруға келісімімді бермей келдім. Алайда Зәкең “Жануля, сен мені сонша жыл күттіріп қойдың. Той жасайық” деді. Осылайша отастық.

Марқұм жолдасымның бала-шағасы осы күнге дейін күн көрсетпей келеді. Бұл – шындық. Олар мені қабылдамай, әкелерін қайтарғысы келді. Мен де оның өз отбасына оралғанын қаладым. Қайт дегенде қайтпаған адам ғой. Тіпті, маған құжатсыз-ақ осылай ғашық бола берші деп өтінген болатынмын”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Бүгінде Мақпал Жүнісованың Мерей есімді қызы бар. Болашақта қызын аман-есен ұзатып, ұрпақ өрбітсем деп армандайды екен әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова бетіне пластикалық ота жасатпақ

Тыңдармандары Мақпал Жүнісованың “қысқа” көйлегін сынады (фото)

Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ

Әнші Бүркіт Мақпал Жүнісованың ұлына берген көрімдігінің көлемін айтып мақтанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар