Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова білместікпен Шаһизаданың концертінің сценарийін бұзды

Жуырда Шаһизада Байбатшанованың 16 жылдық мерейтойы өтті. Аталған концерт жүргізушісіз, ерекше форматта өтті. Концерт барысында көптеген кемшілік орын алды.

14733351_565908830267519_2443248509185425408_n

Фото: instagram.com/shakhizada_art/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Бірнеше күн бұрын өткен Шаһизаданың концерті өз көңілінен шықпады. Айтуынша, көптеген кемшілік болған. Концерт арасындағы үзілістер де жиілеп кеткен көрінеді. Мұнымен қатар, халық артисі Мақпал Жүнісова білместікпен кештің сценарийін өзгертіп жіберген. Десе де, Шаһизада дәл осындай аналарды ерекше құрметтейтінін айтып жатыр.

“Әрбір жасалған істің артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Көрермен байқамаса да, мұны мен байқадым. Олар кештің соңына дейін кетпей отырды. Соған қарағанда ұнаған шығар деп ойлаймын. Өз кешіме ары кетсе, үш деген баға қояр едім. Шынымды айтсам, өзім риза емеспін. Өйткені, үнемі ізденіс үстіндегі әншілердің қатарынанмын. Ешуақытта шетте қарап отырмаймын. “Сол кезде былай жасауымыз керек еді” деген секілді ойлар болады. “Тойдым, болдым, қойдым, мен кереметпін” деп те айтпаймын”, – дейді ол.

Әншінің көңіліне қаяу түсірген тағы да бірнәрсе болды. Жалғыз немересі Кәусарға жоспарланып қойған тұсаукесер рәсімі Шаһизадасыз өтті. Республика сарайында тұсаукесерді салт-дәстүрімізге сай өткізуді армандаған әнші қадірлі қонағын көрермен қатарынан алып келемін дегенше Мақпал апай ала жіпті кесіп, немересінің тұсаукесерін жасап жіберді. Дайындық жоғары деңгейде өтсе де, концерт Шаһизада жоспарлағандай болмады. Ол әрең дегенде киімін ауыстырып, арасында біраз шаршап қалды. Оның үстіне екі сағатқа созылған концерт толықтай жанды дауыста өткен еді.

“Мен байқамай қалсам да, тұсауын үлкен аналар кесіп жатыр ғой. Маған одан артық не керек?! Сосын әлгі үлкен анамыз, құдағиымыз кішкене кідіріп қалды. Негізі тұсауын сол кісі кесуі керек еді. Яғни, екі жақтан екі ана кесуі керек еді. Осы секілді кемшіліктер болып жатты”, – дейді Шаһизада.


Жіберіп алмаңыз:

Арман мен Ашаның қыздары кімге ұқсайды?

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты (видео)

Талқылау