Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Қазақ халқында «Ұқсамасаң тумай қалғыр» деген сөз бар. Осы орайда анасынан тек өнер емес, гендік ерекшеліктер берілген қазақстандық жұлдыздардың жүрекжарды суреттерін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото:instagram.com/kamshat__zholdybayeva/?hl=ru

Қыз баланың болмысы мен сырт келбетіне қарап, анасын көргендей болатынымыз сөзсіз. Өйткені қыз қауымы көбінесе анасынан үлгі алуға тырысады. Солардың бірі – өнерлі отбасында тәрбиеленген Кәмшат Жолдыбаева. Сондай-ақ, әншінің сіңілісі Алтынай мен бауыры да шоу-бизнесте жүр. Айтуынша, олардың барлығын да өнерге баулыған ата-анасы. Әсіресе, анасы бала күнінен биге баулып, әнді дұрыс айтуға септігін тигізген. 

Фото: іnstagram.com/asha_matai/?hl=ru

Аша Матайдың анасы

Көпшілік Аша Матайдың сұлулығы анасынан берілгенін айтады. Анасы Бәтес Байлы – тігінші. Оны отандық бағдарламалардан көргендер басқа танымал сіңілілеріне ұқсамайтынын байқаған. Бұған Баян және Бағым Мақсатқыздары секілді өнерге аса ынтық болмауы себеп болса керек. Көпшілік оның сабырлы әрі тұйық мінезді екенін айтты. 

Фото: instagram.com/akmaral_st/

Динара Сәтжанның анасы

Еліміздегі танымал арулардың бірі Динара Сәтжан анасы Ақмаралға ұқсап өскенін мақтан тұтады. Тележүргізушінің мәдени ортаға деген ықыласы мен сәнді киімдерді ұнатуы анасы арқылы берілген-ді. Бұған анасы Ақмарал Сәтжанның желідегі парақшасына кіру арқылы көз жеткізуге болады. 

Фото: instagram.com/anara.rustemova/

Сиви Махмұдидың анасы

Бір қарағанда анасы мен Сиви Махмұдиді апалы-сіңілі деп ойлауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, әншінің анасы өзімен бірге көңілді кештерде бой көрсеткенді ұнатады. Ең бастысы – нәзік жандының басты қаруы сұлулық екенін жасқы түсінеді. 

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Айдана Меденованың анасы

Жұлдыз марқұм анасына ұқсағысы келетінін жиі айтады. Жуырда ол өміріндегі ең аяулы жанның суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады. Осылайша, ол анасына деген сағынышын жеткізді. 

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Санданың анасы

Әлеуметтік желі қолданушылары Санданың анасының сұлулығына ерекше қызыққан болатын. Тіпті, оның әншіден әлдеқайда жас көрінетінін де тілге тиек еткен-ді. Мұнымен қатар, әнші анасының да өзі сияқты сауда орталықтарын аралап, әдемі киім алғанды ұнататынын бөліскен болатын. 

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/

Мөлдір Әуелбекованың анасы

Әнші сұхбаттарының бірінде анасының ақкөңіл, ашықауыз екенін айтқан болатын. Себебі, бірде ол қызының жұрттан жасырып жүрген сырын айтып қойған-ды. Бұдан өзге жұлдыз анасының өте сабырлы, тамаша ақылшы екенін айтты. 

Фото: instagram.com/gulsim_umarova/

Рано Омарованың анасы

Қызымен бірге сұлулық салонына жарыса баратын жұлдыздардың қатарында Гүлсім ханым да бар. Әншінің анасы психолог. Мұнымен қатар, желідегі парақшасынан Гүлсім ханымның дініне асқан құрметпен қарайтынын көруге болады.

Талқылау