Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Азық-түлік қымбаттаса, халықтың айлығын да көтеру керек

Азық-түліктің қымбаттауы қарапайым халықты ғана емес, ел алдында жүрген өнер иелерін де алаңдатып отыр. Мәселен Мақпал Жүнісова күн санап ел жағдайының нашарлап бара жатқанына алаңдаулы. Оның айтуынша, азықтың бағасы көтерілген сайын, халықтың да айлық жалақысы өсіп отыруы керек.

Бұл туралы Халық әртісі Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты.

“Картоптың да, басқа да азық-түліктің бағасы қымбаттады. Айтарымыз, жарайды қымбаттаса да, елдің алатын айлығы да өсу керек”, – дейді әнші.

Халық әртісі үйге азық-түлікті өзі таситын болып шықты. Алайда нан табу жұмысым болғанымен, үй шаруасымен айналысу бауырларымның мойнында, дейді ол.

“Үйде әпкелерім, жиен қыздар бар. Асты солар дайындайды. Мен тек үйде болғанда әзірлеймін. Менікі ақша табу, азық-түлік алып келу.

Бір үйге бір асыраушы керек қой. Ол баяғыдан сондай болған. Бауырмал болу, бір-біріңе көмек беру, соның бәрі маған жүктелген сияқты. Мен оған өкінбеймін, Аллаға мың шүкір деймін. Бауырларым үшін жұмыс істеймін”, – деп ағынан жарылды әнші.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз жұрттың мазасын қашырған жеке өмірі туралы айтты

Роза Әлқожа танылған соң елді менсінбей кететін әншілер туралы айтты

Маржан Арапбаева Димаштың жұлдызын жаққан Қытайдағы ән байқауына қатыспақ

Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді

Талқылау