Жұлдыз жұрттың мазасын қашырған жеке өмірі туралы айтты

Алғашқыда атышулы «Кешью» тобы арқылы дүйім жұртқа танылған Жұлдыз Өмірғали, дәл осы тауық жылы басталғалы көрермен көзінен алшақтаған болатын.

Бірақ әншінің жеке өміріне қатысты соңынан ерген қаңқу сөздерге әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген бикеш, көпшілік көкейіндегі сауалдарға жауап беруді жөн деп шешті.

«Жеке өмірім ол, жеке өмірім болып қалуы керек. Ол сұрақтар елді мазаламау керек. Оларға менің шығармашылығым қызық болуы тиіс деп санаймын. Себебі, мен өзім жеке өмірімді жарыққа шығарғым келмейді.

Мен тіпті махаббатым тұрмақ түгілі, туысқандарымды да шығаруды  қазір ойламаймын. Себебі көз тиеді, себебі сөз болады. Сондықтан оларға да, маған да тыныштық керек», – дейді Жұлдыз.

Айта кетейік, «Кешьюден» кеткен сәтте жұрт Жұлдызды Айқынмен жұптастырып, тіпті қос өнерпаздың Санжар есімді атұстары бар деген ақпарат қазнетті тікесінен тік тұрғызған-ды! Ғаламтор тұтынушыларын қызықтырған сұрақты сылқымға қойып көрдік…

«Ана атанды деген ақпаратқа қазір жауап бермеймін. (күледі) Уақыты келеді, сол кезде әрқайсысына бір жауап қайтарамын деген ойым бар. Қазіргі бұл сұраққа жауап беруге ерте», – дейді «Кешьюдің» экс-әншісі.

Иә, әзірге жеке өміріне қатысты ақпараттың ақиқатын айтуға Жұлдыз дайын емес. Айқынмен арадағы қарым-қатынасы жайлы да келер жылы жариялауға бел буып отыр.

«Тек бір тілерім бар. Айқын екеуімізге қатысты тараған әңгімелерге жауап беру үшін уақыт керек. Сол уақытты берсеңіздер екен деп тілеймін. Көпшіліктен сұрарым да сол. Алдағы жылда Айқын екеуімізге қатысты қойылған сұраққа нақты жауабын беремін. Бұйыртса, солай деп өзім үміттенемін», – дейді Баян Алгөзованың шәкірті.

Бірақ, әлеуметтік желі қолданушылары Жұлдызға жағымсыз пікірлерді жазуын тоқтатар емес. Алайда, жеке өміріне араласып, ар-намысына тіл тигізген интернет тұтынушыларына әншінің айтары бар.

«Елдің қолына түскен ұялы телефон, сол интернет. Сол инстаграмда менің ауызым бар екен деп, елдің бәрі жаман сөздер жазады. Менің құқығым бар, «сөз бостандығы» деген бар деп, неше түрлі жазатындар бар.

Көбіне сол жоғарыда айтып кеткендей, Айқын екеуімізге қатысты көптеген сөздер жазады. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Ешкімнің мағанда жаманшылық тілегенін қаламаймын.

Әркім өзімен өзі болсын, өздерінің жақсылығын ғана ойласын, басқа біреудің жаманшылығын ойлағанша. Себебі сен біреудің жамандығын ойласаң, ол саған 10 есе қайтып келеді», – деп сөзін қорытындылады Жұлдыз Өмірғали.

Яғни әнші ұлы мен күйеуінің барын жоққа шығармады. Әсіресе Айқын жайлы айтқанда. Желідегі адамдардың ашулы, ызаға толы сөзінен тартынса керек Жұлдыз әлі бар шындықты айтуға уақыт керектігін ғана жеткізді. Қымбатты көрермен, алдағы уақытта жұрт күдіктенген дүниені Жұлдыз бен Айқын  тосынсый етіп ұсынса таң қалмаңыз.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін STAN.KZ  сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек!

Оқи отырыңыз:

Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)

2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады

Нұрмағанбетова: Қайырымдылықтан пайда көргісі келетін, ұйымдастырушыларды алдап кететін әншілер көп

Ерке Есмахан хит әнін түрік актерімен бірге орындайтын болды

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар