Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан хит әнін түрік актерімен бірге орындайтын болды

Жуырда Ерке Есмахан мен «Құлпынай иісі» теле-новелласының актеры Юсуф Чимнің орындауында жаңа дуэт жарыққа шықпақ. Бұл жолы қазақ қызы мен түрік жігітінің жолын тоғыстырып, дәл осы идеяның жүзеге асуына себепкер болған Ләйлә Сұлтанқызы екен…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Мен Юсуфқа Ерке туралы көп ақпарат берген болатынмын. Ерке екеуің «Қайда» әнін жазсаңдар қалай болады дедім. Ол Еркенің бүкіл әндерін тыңдап шыққан. «Маған мына ән ұнады, мына әні де күшті екен», – деп біраз уақыт сараптағанбыз”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

«Құлпынай иісі» сериалының жұлдызы мен Ләйлә ханымның бұл әріптестікті талқылағанына үш айдың жүзі өтіпті. Сұлтанқызының сөзінше, түркі тілдес бауырлардың бірлескен жобасы жемісті болмақ.

“Қазіргі уақытта Еркенің қаралым жағынан алдыңғы қатарда тұрғандығы өтірік емес. Сол себепті олар да түсініп отыр. Оларға да Қазақстанның аудиториясы керек”, – дейді Сұлтанқызы.

«Сондай-ақ, бұл шығармашылық тандем, Ерке қыздың да халықаралық дәрежедегі әншілермен деңгейлесе өнер көрсетуіне мол мүмкіндік туғызып отыр», – дейді Сұлтанқызы.

“Ерке де жақсы түсініп отыр, ол түрік жігіті арқылы Еуропаға шыға алатынын. Демек, бұл жерде екі жақтың да қызығушылығы бірдей. Бұл жерде Ерке қатты қызығуда, немесе Юсуф қатты қызығуда деп айтуға болмайды. Оларда бірдей түсінік бар”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Юсуфтың Қазақстанға келген сапарында, қос тарап алдағы жоспарды жүзеге асырудың түрлі жолдарын толыққанды қарастырып қойған. Жарыққа шығатын жаңа дуэт 50-50%, яғни, қазақ және түрік тілдерінде жазылатын болыпты.

“Осы жолы Ерке өзі Стамбулға баратын болды. Бұл ән Еркенің де репертуарына кіретін ән болады, дуэттік ән және оның да репертуарына кіретін болады. Ал, ол ән нақты «Қайда» әні болады ма, басқа ән болады ма, оны өздері шешеді”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Сіздің арқаңызда: Данэлия Төлешова Димаш Құдайбергенге алғыс айтты

Сиви ешқандай атаққа лайықсыз деген сынға әншінің өзі жауап берді

Димаш Құдайберген жас әнші Данэлия Төлешова туралы ойын ашық айтты

Талқылау