Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Қаңғырып кеткенім үшін анамнан талай таяқ жегенмін

Мақпал Жүнісованың жалғыз қызы Мерей 8-сыныпты үздік бітіріп, анасын қуантты. Балалығы мен шалалығын артқа тастаған ол бүгінде анасының көмекшісіне айналған. Өзі шет тілдерін жақсы меңгерген. Бұл орайда Мақпал Жүнісова тегін «аудармашысын» алып, жазғы демалысқа шетелге бармақ.

18888812_1263328680446682_7985490495675564032_n

Бұл туралы әнші Hit Tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Мерей 8-сыныпты бітіріп, 9-сыныпқа көшіп жатыр. Өте жақсы бағамен бітірді. Енді Мерей еркелеуін жақсы еркелейді, бәрін көтереміз. Менің қызым ақылды ерке, орнымен еркелейді. Аса бір қатты жаман қылықтары жоқ. Бала сияқты, мен одан да жаман болғанмын. Кейде бірнәрсе істеп қояды ғой, оған жай нәрсе сияқты қараймын. Мен одан да зорғысын жасайтынмын, велосипедпен бүкіл ауылды, тау-тасты аралап, қаңғырып кететінмін. Мамамнан сол үшін 2-3 рет таяқ та жегенмін. Ол орынды деп ойлаймын. Өйткені ананы әрқашан тыңдау керек. Ал менің қызым мені тыңдайды. Қызым туралы жаман ештеңе айта алмаймын», – дейді Халық әртісі.

Бұдан өзге, Жүнісова шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Ол ЭКСПО кезінде Астанада жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбітпен бірге концерт беретінін айтып қалды.

«ЭКСПО-2017-ге арнайы 4 шілдеде Астанада концерт береміз. Бейнебаян түсіру ойда бар, айтқаныма жарты жыл болды, бірақ қол тимей жатыр. Биыл гастролге көп шықтым», – деп түйіндеді сөзін халықтың ерке қызы.

Жіберіп алмаңыз:

Бағлан Әбдірайымов вокзалда алма сатып, кәуәп пісірген күндерін еске алды

Бейбіт Көшқалиевтың азан шақырған видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың “шындығы”: Тұңғышбай Желтоқсан оқиғасында мені тастап қашып кетті

Талқылау