Мақпал Исабекова шетелдік әншінің көшірмесі деп айыпталды
Мақпал Исабекова тыңдармандарын кезекті образымен таңғалдырды. Ол әдеттегідей сахнадағы әріптестерінен өзгешеленіп, кезекті party-ға ерекше стильдегі киімін киіп барды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алайда желі оқырмандары оны шетелдік әншілерге еліктейтінін айтып, сынап тастады. Жанкүйерлер Мақпалды Ким Кардашьянға, Лена Темниковаға, Жанна Агузароваға, Зара Ларсонға, тіпті, Бейонсеға ұқсатып жатты.
Расымен де осыған ұқсас киім швециялық әнші Зара Ларсонның бейнебаянында бар болып шықты.
Десе де ендігі оқырмандар тобы Мақпалдың Қазақстан эстрадасындағы ең стильді әнші екенін атап өткен.
“Әдемі лук”, “Мақпал трендте”, “Мықты образ”, “Өте стильді”, “Нағыз жұмбақ”, “Фальгадан жасалған етік”, “Бейонсе ма деп қалдым”, “Лена Темниковадан көшірген”, “Охо, бомба”, “Зара Ларсонның клипындағы киімді киіп алыпсың ғой”, – дейді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді
Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді