Махмұд Сабырхан лицензиялық турнирді айқын жеңіспен бастады
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашқы айқасын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: AIBA
2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің алғашқы айналымында жарқын жеңіске жетті. 57 келіде жұдырықтасатын отандасымыз эфиопиялық Лета Ядесаға қарсы жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан бір бас жоғары болды. Осылайша, отандасымыз Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші айналымына жолдама алды. Ол екінші кездесуін байырғы қарсыласы, 22 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатының финалында жеңген тайландтық Саравут Суктхетке қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов пен Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткенін жазған едік.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн