Махмұд Сабырхан ел қоржынына екінші алтын әкелді

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Махмұд финалдық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.
Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

