Ақтауда екі катер соқтығысып, екі адам жарақат алды

Ақтауда екі катердің соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шекті, олардың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бриз" яхт-клубының өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай 12 қыркүйек күні кешке, шамамен 19:30-да болған. Жарақат алғандар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа катер капитандарының бірі кінәлі болуы мүмкін. Яхт-клуб әкімшілігінің айтуынша, бір кеменің оң жақ борты зақымданған. Алайда, халықаралық теңізде кемелердің соқтығысуын болдырмау ережелеріне (МППСС-72) сәйкес, қарсы бағытта келе жатқан кемелер бір-бірінен сол жақ борттарымен өтуі тиіс.
Әкімшілік таратқан дерекке сәйкес, бір катер ережеге сай оңға бұрылған, ал екінші катер солға бұрылып кеткен. Соның салдарынан соқтығысқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады