Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаев бастаған дзюдошылар Тблисиде ел намысын қорғайды

Мағжан ШамшадинФото:ҰОК

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тбилисиде (Грузия) өтетін беделді Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіг хабарлайды.

Аталмыш тізімді Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

60 кг дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 кг дейін: Аңсарбек Гайнуллин, Әнуар Жұмангелдин

81 кг дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді

90 кг дейін: Барақ Арқабай

100 кг дейін: Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас

100 кг жоғары: Еламан Ерғалиев

Айта кетейік, дзюдодан Grand Slam сериясындағы турнир 2026 жылдың 20-22 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтеді.

Қазіргі таңда жарысқа әлемнің 55 елінен 450-ден астам дзюдошы қатысуға өтінім берген.

Отандық дзюдошылар жыл басынан бері екі бірдей Гранд-Слэм турнирінде бақ сынады.

Париждегі турнирде 60 кг Аман Бақытжан, 81 кг Абылайхан Жұбаназар және 100 келіге дейін салмақта Нұрлыхан Шархан қола медальді қанжығасына байлаған. Ал Ташкентте отандастарымыз жүлдеге іліне алмады.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 16:30