Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі ауысты

елшіФото: news.un.org

Мағжан Ілиясов  Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Ілиясов 2016-2020 жылдары Қазақстанның Нидерланды Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкіл болған.

2020-2022 жж. – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі.

2022 жылдың 6 қазанынан бастап Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшісі.

2023 жылдың 18 сәуірінен бастап Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болған.
 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 10:09
Талқылау