Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты

Магистратура бойынша мемлекеттік гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан студенттер альянсының өкілдері кірді.

"Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант", - делінген ақпаратта.

Оқуға қабылдау 10 қаңтардан ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады. Грант тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 29 Желтоқсан, 2022 13:56
Талқылау