Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Магистранттар жаңа оқу жылында қандай формат бойынша оқиды: Министрлік жауап берді

Магистранттар пандемия жағдайында қалай білім алатыны туралы белгілі болды. Бұл туралы білім және ғылым министрілігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбайев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тойбаевтың сөзінше, магистранттардың сабағы 11 қыркүйекте басталмақ. 

"Магистратура бойынша грантқа түскендердің тізімі бүгін жарияланатын болады. Грант иегерлері 11 қыркүйекке дейін жоғарғы оқу орынына жүргінуі керек. Магистранттардың сабағы пандемия жағдайына байланысты ағымдағы айдың 14-күні басталатын болады", - дейді Әділет Тойбаев.


Сонымен қатар, Тойбаев қандай магистранттар университетке барып оқитынын айтты. Жалпы алғанда магистранттар онлайн түрде қашықтан оқитын болады.

"Оқу жүйесі бойынша қашықтан оқытылатын болады. Тек қана кейбір техникалық мамандықтардағы студенттердің кейбіреуі ғана университетке барып, дәстүрлі түрде білімін жалғастырады. Олардың сабағының көп бөлігі онлай болады. Тек кейбір тәжірибелік сабақтар офлайн өтеді. Университетке барып оқитын магистранттар өте аз болады. Олар шамамен 12 пайызды құрайды", - дейді Тойбаев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр