Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадриттік "Реал" "Барселонаны" ойсырата жеңді

Мадриттік "Реал" Испания чемпионатының 10-турында "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Ойын Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ТАСС" басылымына сілтеме жасап. 

реал

Кездесу барысында "Реал Мадрид" командасының ойыншылары Давид Алаба (32 минутында) және Лукас Васкес (90+4 минут) гол соқты. "Барселона" ойыншысы Серхио Агуэро (90+7 минутында) жеңімпаздар қақпасында гол салған. Хорватиялық қорғаушы Лука Модрич мадриттік "Реалдағы" 400–матчін өткізді. Ал Алаба мен Агуэро өз клубтарындағы алғашқы голдарын салды. 

"Реал" "Барселонаны" қатарынан 4-рет жеңді. Соңғы рет "Барселона" "Реалды" 2019 жылдың 3 наурызында жеңген болатын. Жексенбі күні өткен кездесу қос команда арасында 247 матч болды. Эль-Классиконы "Реал" 99 рет, "Барселона" 96 рет жеңген, қалған ойындарда есеп теңбе-тең түсті. 

2007 жылдан бері Эль-Классико алғаш рет аргентикалық Леонель Мессидің қатысуынсыз өтті. Месси "Реалға" қарсы 45 ойын өткізген. 
Жеңіс нәтижесінде "Реал" 20 ұпай жинап, кестеде бірінші орынға көтерілді. 9 кездесу қорытындысы бойынша 15 ұпаймен "Барселона" 8-орынға тұрақтады. 
 

Талқылау