Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова танымал әріптесін кофеханасының ашылуымен құттықтады

Күні кеше халықаралық дәрежедегі сыйлықтың иегері атанып, отандық журналистерге үнсіз қалдыңдар деп ренжіген әнші Нұрлан Албан “Pascucci” атты кофехана ашты.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің өнердегі, өмірдегі досы Мәдина Сәдуақасова инстаграмдағы парақшасында “Pascucci” кофеханасы ашылыпты. Оның иесі өздеріңіз танитын – Нұрлан Албан. Нұреке, құттықтаймыз! Сізге келетін болдық!”, – деп жазып, өзіне арнайы әзірлеген тәттілердің ұнағандығы туралы айтты.

Алматы қаласында орналасқан кофеханаға әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен барған екен. Әріптесі өз кезегінде есімдері жазылған тәттілерді алдын ала дайындатып қойған. Әншіге тәттілердің ұнағандығы соншалық, оны өзімен бірге ала кетуді жөн көрген.

ффф

Нұрлан Албан Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылының тумасы. Осы күнге дейін “Жас Қанат” байқауының дипломанты атанып, 2000 жылы бірінші рет жеке концертін берген. 2001 жылы “Үркер” тобының солисі болып, ұжымда 10 жыл жұмыс істеген. Бірнеше альбомы мен “Қарттарым, аман-саумысың”, “Сәлем, Қазақстан” сынды әндерге түсірілген бейнебаяндары бар.

Тәжірибе жинап үлгермеген әншілерді үлкен сахнаға әзірлеу мақсатында 2006 жылы “Нұрсай” атты продюсерлік орталығын ашқан. Осы орталықтың арқасында “Ару-Ана”, “АРТ-Дала”, “Шаба Әденқұлқызы, Лашын Мұратқызы, “Аршын” тобы сынды жобалар халық алдында өнер көрсетіп жүр.

жд

Қайырымдылық шараларға жиі атсалысатын әнші енді жеке бизнесін ашуды жөн көрген сыңайлы. Аталған кофехана Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан.

Талқылау