Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова Роза Рымбаеваға қымбат дизайнерлік көйлек тарту етті (фото)

Халық артисі Роза Рымбаева өзінің 60 жылдық мерейтойына орай концерт берген болатын. Сол кеште әнші Мәдина Сәдуақасова Роза Қуанышқызына қымбат дизайнерлік көйлекті тарту еткен-ді. Әппақ сахналық костюм Роза Рымбаеваның дене сымбатына лайықталып, арнайы тіктірілген.

Фото: скриншот

Hit-TV арнасының “Кездер-ай” бағдарламасына берген сұхбатында Роза Қуанышқызы бір кездері өзінің де Мәдинаға көйлек сыйлағанын айтып берді, деп жазады Stan.kz. 

“Кезінде Мәдина республикалық «Жас Қанат» байқауына қатысқан кезде үстінде көйлек болмады. Содан Мәдина І-орын алды, мен қазылар алқасының құрамында болдым. Мәдина жеңімпаз ретінде сахнаға шығуы керек, сол кезде мен таксимен үйге барып, өзімнің бір көйлегімді әкеп бердім. Себебі Мәдинаның киіп тұрған көйлегі өзіне де, айтып тұрған әніне де, жалпы гран-при алған адамға сәйкес келмей тұрды. Сондықтан мен көмектестім, шын жүрегіммен сыйладым. Сол кезде ерекше жарасты. Ол кездегі әдемі көйлектердің бірі болған. Бірақ әлі күнге дейін сол көйлекті сақтап жүргенін білмеппін. Ондай сый жасайтынын білмедім. Жалпы менің стилімді жалғаушы ретінде Мәдинаны өзім жақсы көремін, сондықтан концерттеріме қатыстырып тұрамын. Бұлардың бәрі бала кезден менің әндерімді тыңдап, армандап өскен әншілер”, – деп бөлісті Роза Қуанышқызы.

Айта кетейік, әппақ көйлек танымал отандық дизайнер Наиль Байкучуковтың қолынан шыққан. Концерт кезінде Сәдуқасова дизайнерді арнайы сахнаға шақырып, сыйды Халық артисіне тарту етті.

“Есіңізде болар, осыдан 16 жыл бұрын тура осы сахнада «Жас Қанат» байқауының жүлдесін беріп тұрып сіз маған: «Осы сахнаның сәні бол», – деп өзіңіздің әдемі көйлегіңізді сыйға тартып, сәттілік тілеген едіңіз. Роза Қуанышқызы, біз Наиль екеуміз осы бір әдемі көйлек салтанатты кештен естелік боп қалсын деп сыйға тартқымыз келеді. Қабыл алыңыз, өнердің шыңында самғай беріңіз”, – деп ақ тілегін жеткізді Сәдуақасова.

Мұндай сыйға қатты қуанған Роза Қуанышқызы сол сәтте көйлегін ауыстырып, жаңа сахналық костюмін ел алдына киіп шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш жалған әншілердің масқарасын шығарды: Түріктер Димаш жайлы не дейді

22 жылдан бері сахнада жүрген Мәдина Сәдуақасова алғаш рет ән сапарға аттанбақ

Намысыма тиді: КешYou әншісі Ақбота мен Жұлдыздың тағдырын қайталаудан қорқып жүр

Дана Нұржігіт: Ұлым сөз сөйлеп тұрған елбасының аяқ киіміне конфеттилерді үрлеп ойнап отырды (фото)

 

Талқылау