Мәдина Сәдуақасова: Жеке өмірімде өзгеріс болса, мені жақсы көрмей кетесіздер ме?
Мәдина Сәдуақасова жеке өміріне қатысты жағдайды баяндады. Әнші өзіне сын айтушылардың көбейіп кеткенін, ал отбасылық мәселенің әлі шешім таппағанын айтады.
Әнші өзіне жағымсыз пікір жазып, мін айтушыларға өкпелі. "Шығармашылығымдағы жаңалықтар жеке өміріме қатысты емес" деп ақталды ол.
"Неге соңғы кезде не істесем де жұрттар мін іздеп, не болса соны жаза бастады? Жеке өміріме қатысты-ау деймін. Иә, қазір түсініксіздеу болып тұр жағдай отбасымда. Бәрі реттеледі деп сенемін. Бәрі уақытша. Бірақ менің әр қимылыма, фотома, әніме, басқа өміріме қатысы жоқ қой. Сол баяғы Мадинамын. Әлде жеке өмірімде өзгеріс болып қалса, әнімді тыңдамай, мені жақсы көрмей кетесіздер ме?", - деп жазды әнші парақшасында.
Мәдина Сәдуақасова жеке өміріне, жолдасына қатысты ақпарат айтудан бас тартты. Тыңдармандары әнші жолдасымен ажырасып кетті деп болжады. Әнші бұл сұраққа нақыт жауап берген жоқ.
"Бәрімен қоштастым": Мәдина Сәдуақасова күтпеген жерден шешім қабылдады
"Басқаларды білмедім мен тыңдай берем", "Өмірің жақсы жаққа шешіліп, бөпелі бол", "Жақсы көреміз ғой", "Жоқ сенің жеке өміріңе ешкімнің қақысы жоқ,сенің əніңді жақсы көре береміз жұрт не десе, о десін", "Көңіл аудармаңыз, жүз адамда жүз түрлі көзқарас", "Негізі толық отбасы болғаның дұрыс қой", деп жазды желі қолданушылары.