Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованың басына бақыт құсы қонды

Араға біраз уақыт салып өнерге қайта оралған Мәдина Сәдуақасова іске білек сыбана кіріскен-ді. Жақын күндердің бірінде “Қайда сезім” атты әнге бейнебаян ұсынған әнші кезекті туындысының түсірілім жұмыстарын бастап кеткен.

154

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Мәдина Сәдуақасованың үлкен сахнаға қадам басқанына биыл 20 жыл толып отыр. Ол ешкімге ұқсамайтын дара болмысымен ерекшеленіп, бейнебаяндарын сирек шығарса да, тыңдармандарын жоғалтпайды. Кезекті бейнебаянын түсіріп жатқан кезде, басына ақ кептер қонып алған. Әнші басына бақыттың қонғандығын айтып, алда жолы болатындығына балады.

Әнші осы уақытқа дейін берген сұхбатында отандық клипмейкерлердің өз образын өзгерткісі келмейтінін айтып, ренжіген-ді. Бұған жолдасы да көнбеген соң, шетелдік мамандарға жүгінген екен.

“Мені көрермен де, айналамдағы таныстарым да үнемі жадырап, көтеріңкі көңіл-күймен жүретін, ақкөңіл де бақытты жан ретінде таниды. Композиторлар мен сазгерлер маған ән ұсынған кезде көңілді әндер ғана береді. Осы уақытқа дейін мұңды ән айтып көрген емеспін. Айтып көргеннің өзінде, үлкен драматургияны қажет ететін бейнеклипте басты рөлді басқа бір актриса сомдайды, ал мен тек әнді айтамын. Яғни өзімді басқа қырымнан көрсете алмаймын. Өзімнің дауыс тембрім де болмысыма сай екенін түсінемін. Мамыр немесе сәуір айында жарық көретін бейнебаянымды өзім де асыға күтіп жүрмін”, – дейді әнші Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

13151240_1120250308033963_1290806550_n

Мұнымен қатар, Сәдуақасова ағымдағы жылда екі бейнебаян қатарынан ұсынатынын айтқан болатын. Бірі – “Қайдасың сезім”, екіншісі – “Жұлдызым”. Алғашқысы көрермендер назарына ұсынылған. Ал екіншісінің түсірілім жұмыстары дәл қазір Астана қаласында өтіп жатыр. Әншінің айтуынша, мамыр айының соңына дейін көрермен назарына ұсынылмақ.


Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасова: Жұбайым бұрынғы отбасым туралы айтпауымды өтінді

Мәдина Сәдуақасова өзінің еріншек мінезімен күресуді қолға алды

Талқылау