Мәдина Ералиеваның әнін тамылжыта шырқаған Абай мен Асхат жұртты таңдай қақтырды (видео)
Той әндері арқылы танылды деп көпшіліктің сынына ұшыраған қос әнші шын талант екендерін домбыра арқылы дәлелдеуге кірісті. Желіде Асхат Тарғын мен Абай Бегейдің қос ішекті аспаппен ән орындаған видеосы пайда болды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірі “Чип-чип”, екіншісі “Аспанға қараймын” деп танылған қос өнер иесі бұл жолы атақты Мәдина Ералиеваның репертуарындағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған “Есіңе мені алғайсың” әнін орындаған.
Желідегілер Асхат пен Абайдың өнеріне тәнті болғандарын жарыса жазып жатыр. Көпшілік, әсіресе, әнді бірінші дауыста орындаған Абайдың даусына ғашық болып қалғандарын атап өткен.
“Нағыз әнші Абай, Алла күш-қуат берсін”, “Абай аға, жарайсың”, “Дауыстарың қандай әдемі, маған ұнады”, “Осындай дауыс барда шырқаңдар домбырамен”, “Шап дүлдүл бұлбұлдарым”, – деп тамсанды желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды (видео)
Димаш шетелде Виктория Бекхеммен бірге өнер көрсетеді
Мәдина Сәдуақасова продюсер Айдарбековаға өзінің қатты ұқсайтынын байқап таңқалған