Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәдениет министрі болатын едім": Нұрлан Еспанов қолына билік тисе не істейтінін айтты

Нұрлан Еспанов мемлекеттік қызмет туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мәдениет министрі болатын едім: Нұрлан еспанов мемлекеттік қызмет туралыБелгілі композитор Нұрлан Еспанов қазақтың мәдениетіне көңілі толмайтынын жеткізді. Оның пікірінше өнер адамдарына еркіндік жетіспейді. Әсіресе, мемелекеттік қызмет жасайтын жұлдыздардың өнерден алшақтайтынын айтты. Өнер иесі сол себепті де мемелкеттік жұмысқа жолағысы келмейді екен.

Алайда, Нұрлан Еспанов үкіметтің жұмысы болатын болса, мәдениет министрі болар едім деп армандайтынын жасырмады. Ол жастарға көп көңіл бөліп, қазіргі мәдениеттің дамуын басқа бағытқа ауыстыратын едім деп ағынан жарылған.  

"Мен министр болатын едім. Мәдениет министрі болғым келеді. Бәрін өзгертер едім. Қазақстанды 50 дамыған мемлекеттің қатарына кіргізуге жұмыс жасау керек. Жастарға көңіл бөлген жөн. Бізді кім қояды. Бұл жай ғана арман ғой. Арманның бір бөлігі", - дейді Нұрлан Еспанов. 

Талқылау