Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек өкпесін айтты

Африкалық азаматқа тұрмысқа шығып, одан бала сүйген атыраулық Заида елге деген өкпесін жеткізді. Ол қоғамда түр-түсі өзгешеленетін балаларға деген көзқарастың көңілге қаяу түсіретінін айтты. Ұлының нәсілін жасырып келген ол жуырда басынан өткен ыңғайсыз оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің қоғам қатал. Аулада өзгеше балалардың басқалармен ойнап жүргенін бірде бір рет көрмеппін. Неліктен? Өйткені оларға саусақ шошайтып, үстерінен күледі, мазақ етеді. Неге олай болады? Оған кім кінәлі? Қоғам? Ата-аналар? Әрбір ата-ана баласына адамдардың әртүрлі болатынын түсіндірсе дер едім. Егер адам саған ұқсамаса, ол жаман немесе оны келеке етуге болады деген сөз емес. Кейде ата-аналардың өздері қатігез болып кетеді. Балаға үйреткен былай тұрсын, өздері мазақ етеді", - деп ашынды Заида. 

Ол жуырда басынан өткен ыңғайсыз жағдайды баяндады. Айтуынша, ұлының қара нәсілді екенін байқаған ер адам оның жанына келіп, экзотикалық аңды көргендей кейіп танытқан. 



"Бір күні жанымызға әкесі мен ұлы келіп: "Мәә… негрді қара”, - дейді. Ол аздай: "Негрді бірінші рет көріп тұр, жақындап қарасыншы", - дейді. Өзімді зообақта тұрғандай сезініп кеттім. 

Мектепте нәсіл туралы өтіп едік. Моңғолоидтік, негроидтік, еуропоидтік нәсілдер болатынын білдік. Баламен бірге күлгенше, оның қалыпты жағдай екенін неге түсіндірмеске?" - дейді Заида. 
 

Талқылау